25 жастағы Қазақстан азаматшасы Флорида штатында түрмеге қамалды. Әсия Күшенова өткен жылы АҚШ азаматымен тұрмыс құрған.
Алайда, көп ұзамай ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірінің шырқы бұзылды.
Күйеуі оны ұрып-соғуды әдет қылған. Әсия Күшенова амалсыздан босқындарға арналған уақытша паналау орталығына қашып барады.
Сөйтіп жүргенде Қазақстан азаматының визалық құжатының мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Оған қоса қолындағы жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан.
Қазір оның Павлодарда тұратын туыстары құжаттарын жылдам әзірлеудің қамын жасап жатыр. Анасы қызының сәбиін де елге алып келгісі келеді.
Болат АМАНБАЕВ