Бүгін Павлодар көшелерінде мемлекеттік тілді үйрететін «сөздік-трамвай» жүре бастады.
Жолаушы тасымалына лайықталған көліктерде күнделікті өмірде көп қолданылатын сәлемдесу, аман-саулық сұрасу, құттықтау, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздердің орысша-қазақша аудармалары жазылған.
Бұл бастаманы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және трамвай паркі көтерді.
Сонымен қатар, «Тілашар трамвай» ішіне электронды сөздік орнатылады.
Болат АМАНБАЕВ