Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері өз міндеттерін орындауға қабілетсіз.
Биылғы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілген прокурорлық тексеріс осыны көрсетті.
Жыл басынан бері облыс көлемінде 8 заңсыз аң аулау оқиғасы тіркеліп, соның кесірінен 100-ден астам киік шығын болған.
Жабайы жануарлар әлемін қорғауы тиіс инспекторлардың өздерінің де браконьерлік жасау әрекеттері әшкереленді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК