Семейде канализациялық құбыр апатты жағдайда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде канализациялық құбыр апатты жағдайда

07.08.2014
Семейде канализациялық құбыр апатты жағдайда

Семейде Ертістің оң жағалауындағы тұрғын үйлерден шыққан лас суды сол жағалауға өткізетін 2 дюкер, яғни, канализациялық құбырлар бар.

Бірі 1990 жылы салынған. Су астынан оның 330 метрі өтеді.

Мамандар оған екі рет зерттеу жүргізіп, апаттық жағдайда екендігін анықтаған.

Оны жеделдетіп жөндеу жүргізу қажет екендігін бірнеше жылдан бері айтып келгенмен, қаржы қолбайлау болып тұр.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу