Қазақстан мен Ресей шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы өтті

07.08.2014
Қазақстан мен Ресей шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы өтті

Ресейде есірткі қылмысымен айналысқан Қазақстан азаматтарының саны екі есеге өсіп кеткен.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының форумында айтылды.

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қатысушы мемлекеттердің прокуратуралары алдына жаңа міндеттер қойған».

Сондай-ақ, шекара маңындағы қылмыс құжаттары 3-4 ай уақыт алмауы үшін арнайы қорғалған канал ашу жоспарланып отыр.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу