Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті тыйылмай тұр.
Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылында ашық алаңда өрт шығып, «тілсіз жау» айналаны алып кетті.
Құрғақ шөптің тұтануы салдарынан 40 гектардан астам жайылымдық жер күлге айналды.
Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 33 жеке құрамы мен 4 техникасы жұмылдырылған.
Айнұр АҚБАЕВА