Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» пансионатының емдеу-сауықтыру кешені заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда келушілердің демалуына барлық жағдай жасалған.
Жаз мезгілінде бұл емдеу пансионаты жанынан ашылған балалардың демалыс лагерінде жыл сайын атыраулық 1000-ға жуық жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін демалады.
Бұл жерде емделушілерге 80 түрлі ем көрсетіледі.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ