Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік салаға жауаптылар жалған мәлімет берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік салаға жауаптылар жалған мәлімет берген

04.08.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік салаға жауаптылар жалған мәлімет берген

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік сала қызметкерлерінің өлген адамдарды «жұмысқа тұрғызып», оларды мемлекет қамқорлығына алып келгені анықталды.

Биыл өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 5269 мүмкіндігі шектеулі жанға жұмыс тауып беру жоспарланса, олардың 18 пайызы ғана жұмысқа қабылданған.  

9 мүгедек қайтыс болғанымен, еңбек ететіндер тізімінен алынбаған. Ақыл-есінде ақауы бар 8 адам да осындай тізімде тұр. Ал, 14 адамның дерегі мүгедектер қорынан мүлдем табылмапты.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу