«Шымбұлақта» қауіпсіздік шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шымбұлақта» қауіпсіздік шаралары күшейді

04.08.2014
«Шымбұлақта» қауіпсіздік шаралары күшейді

Шымбұлақтағы аспалы жолдан ер адам секіріп кеткеннен кейін тау шаңғысы шипажайының ұжымы қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Тыйым салу белгілері мен сілтемелердің бар-жоғына қарамастан, енді жұмыс тоқтаған сәтте кабиналардың есігі толық жабылып, станциялардың қауіпсіздігін операторлар жіті қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 18 шілдеде ер адам жұмысы тоқтағалы тұрған аспалы жолға отырып, кейін өз бетінше шығамын, деп, 2 метр биіктіктен құлап кеткен.

Айгүл Ермахан

 

Хабарламаларға жазылу