Қызылжардағы сәбилер үйінен биыл 7 айдың ішінде 20 бүлдіршінді ата-аналары қайтарып алды. Бірақ, балалықтың базарын сезінбей, еркелей алмай өсіп келе жатқан 49 бала әлі де бар. Олардың 35-інің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылғандар.
Балалар үйінде барлық жағдай жасалғанымен, ата-ананың қамқорлығы мен мейірімне жетпейді, әрине. Сол себепті де тәрбиешілер балаларды ата-аналары арасында келіп, бауыр еті баласын бауырларына басып, еміреніп кеткені жақсы, деп санайды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ