Семейде автомонша пайда болды. Жергілікті тұрғын Ерлан Әбділов ескі «Паз» маркалы автобусты жөндеп, жылжымалы монша етіп жарақтаған. Онда жуынатын, бумен қыздырынатын, демалатын бөлмелер бар.
Ескі көлікті осылайша іске жарату үшін 4-5 ай уақыт кеткен. Қазір «автобус моншаға» қызығушылық танытып қаланың әр жерінен тапсырыс беріп жатқандар көп көрінеді. Табыстың көзін тапқан тапқыр жігіт алда бұл ісін жандандырмақ ниетте.
Ерлан Әбділов, өнертапқыш:
6-7 адам еркін сыяды. Кез келген жерге барамыз. Әсіресе, демалыс күндері шақырушылар көп. Алда тапсырыс көбейіп жататын болса, тағы бірнеше ескі көліктерді осылайша іске жарату ойда бар.
Ержан ЖАҚЫП