79 жастағы кейуана жоғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

79 жастағы кейуана жоғалды

31.07.2014
79 жастағы кейуана жоғалды

Солтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақ теруге кеткен 79 жастағы әйел жоғалып кетті. Екі күннен бері полиция мен жергілікті тұрғындар кейуананы іздестіруде.

Гляделова Зоя Сергеевна  29 шілде күні Қызылжар ауданына қарасты Михайловка ауылы маңындағы ормандардың біріне таңғы сағат 10.00 шамасында саңырауқұлақ теруге шыққан. Cодан бері оны ешкім көрмеген.

Қарияның есте сақтау қабілеті өте нашар, кейде мүлдем ұмытып та қалады. Бойы 160 сантиметр, көзі көк, шашы ақ. Үстінде қызыл халаты болған.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу