Жыл басынан бері БҚО-да 72 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері БҚО-да 72 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді

30.07.2014
Жыл басынан бері БҚО-да 72 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында  72 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді. Әсіресе, парақорлық фактілері артып отыр.

Қазір Қаржы полицейлері балалар стоматологиялық клиникасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Лауазым иесіне 20 миллион теңгені жымқырды, деген айып тағылып отыр.

 Сондай- ақ, жұмысқа тұрғызғаны үшін қол астындағылардан пара алды, деген айыппен Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры да жауапқа тартылды.

Дәурен Кенжәлиев, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аға инспекторы:

Есеп беру мерзімінде департаментпен мемлекеттік сату және сатып алу саласында 23 қылмыстық іс ашылды. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артқан. 2013 жылы 8 қылмыс тіркелген болатын.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу