Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні полицияға әкесі тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні полицияға әкесі тапсырды

29.07.2014
Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні  полицияға әкесі тапсырды

Петропавлда мамыр айында жолдан өтпек болған 74 жастағы қарияны қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оқиға осы маңайда өтіп бара жатқан автокөліктердің біріндегі бейнетіркегіште жазылып қалған.

Машина  жүргізушісі  алғашқы медициналық жәрдем шақырып, полицияға хабар берген. Бірақ, қария  ауруханада қайтыс болды. Полицейлер күдіктіні мотоциклдің номері арқылы анықтағанымен, өзін қолға түсіруге мүмкіндік болмаған.

Тек 10 күннен кейін ғана адам қағып кеткен ұлы мен мотоциклды  полицияға әкесі әкеліп тасырды. Қазір Қылмыстық Кодекстің 2-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сағат Нұрмолдин, СҚО ІІД ӘП аға инспекторы:

Бейнетаспаны мотоцикл жүргізушісінің ата-анасына көрсеткенімізде қатты қорқып кетті. Бірақ, бізге барынша көмек көрсетті. Ал, жас жігіт болса, оқиға орнынан қорыққандығынан қашып кеткенін айтты. Қазір барлық кінәні мойындап отыр. Тек бір өкініштісі, көбіне жаяу жүргіншілердің өздері осындай оқиғалардың туындауына себепкер болады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу