Зардап шеккен үйлерге көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккен үйлерге көмек көрсетіледі

29.07.2014
Зардап шеккен үйлерге көмек көрсетіледі

Көкшетауда кешегі нөсер жауыннан келген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері кейбір тұрғынның жауынға қарсы еш шара қолданбай, қол қусырып отырғанын атап өтті.

Жалпы, қалада төтенше жағдайлар қызметіне 160 үйден хабарлама келіп түскен. Комиссия мүшелері бұл үйлерді аралап, нәтижесінде 69 үй жауыннан зардап шеккен деген қорытындыға келді.

Оларға облыс әкімдігінен материалдық көмек көрсетілетін болады. Ал қалада үйлер мен көшедегі суларды сыртқа шығаруға байланысты жұмыстар әлі де жалғасуда. 

Инна Адам,  комиссия мүшесі:

Облыс әкімі  зардап шеккен үйлерді  аралап, шығынын есептеуді тапсырды. Жауыннан зардап шеккен үйлерге 55 мың теңге көлемінде көмек көрсетілетін болады.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу