Еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады

29.07.2014
Еліміздің  басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады

Бүгін де елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамынша, тек оңтүстік және батыс облыстарда жауын-шашын болмайды.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында да жел күшейіп, тұман болады.

Қарағанды, Шығыс, Солтүстік Қазақстанда қатты нөсер жауып, тұман түсуі ықтимал.

Хабарламаларға жазылу