Талғардағы сел зардаптарын жоюға 337 миллион теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғардағы сел зардаптарын жоюға 337 миллион теңге бөлінеді

26.07.2014
Талғардағы сел зардаптарын жоюға 337 миллион теңге бөлінеді

Талғар ауданында болған сел зардаптарын жоюға 337 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс өткен сессиясында белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 10 күн бұрын Алматы облысындағы Талғар өзені тасыған. Секундына 40 куб метр жылдамдықпен аққан су орман шаруашылығындағы 3 үйді, «Спутник» пионер лагеріне апаратын автожолдар учаскелерін, өзен арнасына жақын орналасқан дәмхананың 2 жазғы терассасын және жұмыс істемейтін лагерьдің кейбір ғимараттарын шайып кеткен болатын.

Хабарламаларға жазылу