50 отандасымыз Түркияға ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 отандасымыз Түркияға ұшып кетті

26.07.2014
50 отандасымыз Түркияға ұшып кетті

Израильде демалып жатқан қазақстандықтар Түркияға ұшып кетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Туристік компаниялардың салғырттығынан Израильден Түркияға ұша алмай қалған Қазақстанның барлық азаматтары бұл ел аумағынан ойдағыдай ұшып кеткенін хабарлаймыз», - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 50 отандасымыз Израильде қалып қойған болатын. Сондай-ақ, тағы 5 қазақстандық өз еріктерімен Палестина аумағына кетіп қалған. Сыртқы істер министрлігі біздің азаматтарымыздың Израильден Түркияға оралу мәселесін қадағалауды жалғастыруда.

Хабарламаларға жазылу