Алматы қалалық Әділет департаментінің ұжымы «Үміт» балалар үйіне тарту жасады. Бұл мекеме елімізде 1994 жылы ашылған болатын. 100 балғынға арналған үйде қазір 29 тәрбиеленуші бар.
Олар мүлдем асыраушысы жоқ сәбилер емес. Бірінің әкесі, енді бірінің анасы бар. Бүлдіршіндер ата-анасының әлеуметтік жағдайы түзелгенше, яғни 7 жасқа дейін осында тәрбиеленеді.
20 жылдың ішінде мекемені мекендеген 500-ден аса бала бүгінде отбасымен қауышты. Бұл бағытта ұжым табанды еңбек етуде.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық та ерекше. Биыл 167 миллион теңге қаржы бөлініп, балалар игілігіне жаратылуда.
Айгүл ЕРМАХАН