Петропавлда жолақы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жолақы қымбаттауы мүмкін

25.07.2014
Петропавлда жолақы қымбаттауы мүмкін

Петропавлда  қоғамдық көліктерде жүру бағасы қымбаттауы мүмкін. Жолаушы тасымалдаушылар  «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында билет құнын 92 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныстарын айтты.

Қазір қалада жолақы құны - 50 теңге. Бұл тариф бойынша түсетін пайда  көліктерге қажетті жанармай мен қосалқы бөлшектерге кететін шығынды өтемейтін көрінеді.

Әзірге, бұл - нақты шешім емес. Жолақының қымбаттайтыны арнайы комиссия тексеріп, жан-жақты сараптама жасалғаннан кейін ғана  белгілі болады. 

Болат Рахымов, жолаушы тасымалдау компаниясының басшысы:

Бүгінгі күні жолаушыларды тасымалдау қызметінің тарифі көліктерді жөндеп, қалпына келтіру, жанармайға кеткен шығындарды өтемейді. Жүргізушілер жалақының аздығынан жұмысты тастап, кетіп жатыр. Сондықтан, біз тарифті көтеру ұсынысымен келіп отырмыз. Арнайы әлеуметтік топтарға жататын адамдар үшін жолақыны өзгертусіз қалдырмақшымыз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу