Соңғы алты ай ішінде ТМД елдерінің арасындағы қылмыстық көрсеткіш 1,5 мыңға жеткен. Ал, 250 азамат із-түссіз жоғалған. Бұл туралы бүгін посткеңестік елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткізген кеңесте мәлім болды.
Жиында мемлекетаралық ақпараттық жүйе ұйымдастыру, электронды түрде ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен қылмыскерлер жөнінде мәліметтерді кеңейту туралы да айтылды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар шекаралық ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы дактилоскопиялық есепті қалыптастыру жөніде ой-пікірлерін ортаға салды.
Марат Демеуов, ҚР Ішкі істер вице-министрі:
Мұндай кездесулер құқық қорғау органдарының ортақ ісінде, яғни ТМД аумағындағы қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді.
Ләззат БЕКТАС