Астанада сыбайлас жемқорлық тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сыбайлас жемқорлық тыйылмай тұр

24.07.2014
Астанада сыбайлас жемқорлық тыйылмай тұр

Астанада шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері артқан. Бұл туралы қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылаған жиынында белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, жергілікті атқарушы билік органдарында 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған. «Қолжетімді баспана», «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан» секілді бағдарламалар аясындағы мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы ерекше назарға алынды. Себебі, бұл салаларда да сыбайластық жоғары көрсеткішке жеткен. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде таяуда мемлекет қаражатын жымқырған қылмыстық топ қолға түсті.

Самат Абдуллин, Экономикалық және қаржылық қылмысқа қатысты сотқа дейінгі өндірістік бөлімі басқармасының басшысы:

Қазіргі уақытта бізде тергеу жүргізіліп жатыр. Осындай топтар сотталған. Біздің департаментте басқа да жұмыстар өткізіліп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу