Қызылордада лагерьдегі қауіпсіздік сабағы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада лагерьдегі қауіпсіздік сабағы өтті

24.07.2014
Қызылордада лагерьдегі қауіпсіздік сабағы өтті

Қызылордадағы лагерьде тынығып жатқан жеткіншектер судағы қауіпсіздік ережелерімен танысты.  Айтып келмейтін апаттан сақтану жолдарын терең түсіну үшін балалар бір күн бойы өздерін құтқарушы ретінде сезініп көрді.

Олар алдымен оқыс оқиға бола қалған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер туралы қойылымды тамашалады. Содан соң сүңгуір құралдарын пайдаланып, қатер төнген достарына көмектесті.

Қауіпсіздік сабағы кезінде мамандар демалушыларды суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері аймақ айдындарында 22 адам ажал құшты, оның жетеуі бала.

Самғат Бүркітбай, «Оңтүстік өңірлік аэромобильді құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары:

Көрсетілім арқылы жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері қалай болу керектігін, ата-аналарынсыз суға түсуге болмайтынын, ағын суларда, жабайы жерлерде шомылуға болмайтынын айтттық.  

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу