Павлодар облысында 80-нен астам этнос өкілі тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 80-нен астам этнос өкілі тұрады

23.07.2014
Павлодар облысында 80-нен астам этнос өкілі тұрады

Павлодар облысында 80-нен астам этнос  өкілі тұрады. Бүгін облыстағы  Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері  Астанаға арнайы келіп, өңірдегі этносаралық қарым-қатынас туралы әңгімелеп берді.

 Қазір Павлодарда  облыстық деңгейдегі - 23, ауылдық округтерде - 50 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Республикалық ассамблеяға облыс атынан  12 ұлттың өкілінен тұратын  18 адам мүше.

Басқа өңірлердегідей мұнда да  ұлтаралық келісімді арттыруға арналаған шаралар жиі өтіп тұрады.

Ассамблея өкілдері  жыл басынан бері 15-ке жуық республикалық және халықаралық шараларға қатысқан.

Ал, ауылдар мен облыс деңгейінде ұзын-саны 400-ден астам шара ұйымдастырылған.

Сейсембай Жетпісбаев,  Павлодар облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

Келесі жылы  ассамблеяның құрылғанына - 20 жыл. Дайындық қазірден басталып кетті. Біз әдеттегі шаралардан бөлек, мазмұны мен көлемі жағынан бірнеше ірі шара ұйымдастыруды жоспарларап отырмыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу