Қазақстандық Диана Назар Таяу Шығыстағы қақтығыстың салдарынан аймақтан шыға алмай отыр. Екі тәулік бойы сол елде қалып қойған отандасымыз бүгін Тель-Авив уақытымен кешкі сағат 21.00-де Түркияға қарай ұшады.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.
Айта кетейік, жерлесіміз Диана отбасымен бірге Түркияның Белек қаласында демалып жүрген. Сол жердегі туристік операторлар Иерусалимге саяхаттауды ұсынады.
Шілденің 21-де ұшып барғаннан қайта орала алмай отыр.
Йехудта құлаған палестиналық зымыранның салдарынан шетелдік әуе компанияларының барлығы рейстерін тоқтатып тастаған.
Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Сонымен қатар, қолда бар ақпарат бойынша, шамамен 10-15 адамнан құралған қазақстандық туристер тобы да қайта алмай отыр. Олардың нақты қанша адам екендігін бүгін анықтап жатырмыз. Барлығы бүгін Түркияға оралуды жоспарлап отыр.
Ләззат БЕКТАС