Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жүруде

23.07.2014
Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жүруде

Қызылордада  азаматтардан заңсыз сақталған қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу шарасы жүруде.

Ол үшін республикалық бюджеттен  19 миллион теңге бөлінді.

Сәуір айынан бері қала тұрғындарынан  80  дана қару-жарақ пен оқ-дәрі қабылданды.

Ал, өткен жылы 641 суық қару, 1327 дана оқ-дәрі мен салмағы 5 келіден асатын жарылғыш зат алынды.

Қаруды өз еркімен өткізген азаматтарға 38 мыңнан 72 мың теңгеге дейін қаражат беріледі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін акция  30-желтоқсанға дейін жалғасады.

Қуаныш Шүкіров,  Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары:

Үйде тіркелмей заңсыз тұрған қарулар болса, қалалық Ішкі істер басқармасына әкеліп, өз еркімен тапсыруларын сұраймыз. Заңсыз болғандықтан, акция уақыты біткеннен кейін Әкімшілік немесе Қылмыстық Кодекстердің баптарына, талаптарына сай шара қолданылатынын ескерткіміз келеді.

Хабарламаларға жазылу