Өткен 6 айда екі баланың өлімі өрттен болды. Оған ата-аналардың немқұрайлылығы себеп. Бірі баланы үйде қалдырып, жұмыспен кетсе, енді бірі балаларды ойын алаңына жалғыз жібереді.
Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында айтылды. Құтқарушыларды мазалайтын тағы бір мәселе - білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі.
Сондықтан, бүгінгі іс-шараға мектеп басшылары арнайы шақыртылып, оларға жадынамалар мен ақпарат қағаздары таратылды.
Енді олар мамандар кеңесін оқушыларға жеткізетін болады.
Әлібек Қалымбетов, Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы:
Сарыарқа ауданы бойынша 36 білім беру мекесі тексерілді. Оның ішінде 11 мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғаны анықталды. Жауапты меңгерушілер әкімшілік жазаға тартылып, атқарылған жұмыстар бойынша тағы мәселелер көтерілді.
Досымжан ЕРМҰРАТ