Орал қаласында тұңғыш рет бесік арбаларының шеруі өтті. Көңілді мейрамға 20 отбасы қатысты. Арбаны безендіріп, түрлі кейіпке келтіру - байқаудың басты талабы.
Сайыс барысында үздік, деп 8 айлық Максим мен Егор Старцевтардың арбасы танылды.
Сәбилердің ата-анасы арбадан кішігірім кеме жасау үшін бір ай еңбектенген. Ерекше байқау сал ауруына шалдыққан Ілиясқа да жақсы көңіл-күй сыйлады.
Анасы мен күтушісі балғынның арбасын «Жедел жәрдем» көлігіне айналдырған. Осылайша, Ілияс адамдарға көмек қолын созатын дәрігердің рөлін сомдады .
Ақмарал Мұратова, әлеуметтік қызметкер:
Бүгінгі мерекелік шара көңілімізді көтерді. Осындай іс-шаралар көп болса аналарға, балаларға, сонымен қатар, мүгедек балаларға да жақсы әсер қалдырады. Бүгін Ілиястың көңіл-күйі кешегіге қарағанда көтеріңкі.
Рауан ДИӘЛИ