Қазақстандық әуе компаниялары да Украина арқылы ұшуды тоқтатты. Бұл туралы бүгін Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Серiк Мықтыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ұшақтың апатқа ұшырау себептері анықталмайынша, Киев арқылы қатынау қазақстандықтар үшін қауіпті.
Серiк Мықтыбаев, азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары
«Эйр Астана» кеше Украина арқылы ұшуды тоқтатты. Енді, жақын арада Еуробақылау мен Украинаның авиациялық билігі және халықаралық әуе комитеті апатқа қатысты өз жорамалдарын ұсынуы тиіс. Ал, біз оның неден және қалай болғаны жайында ештеңе айта алмаймыз. Себебі тергеу амалдары аяқталмайынша, бірдеңе деу артық.
Айдана ҮСЕНБАЙ