Қарағанды Ішкі істер департаментіне қызметтік көліктер тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды Ішкі істер департаментіне қызметтік көліктер тапсырылды

17.07.2014
Қарағанды Ішкі істер департаментіне қызметтік көліктер тапсырылды

Бүгін Қарағанды облысының Ішкі істер департаментіне 153 қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Көліктердің 50 пайызға жуығы шалғай ауылдарға жіберіледі. Сондай-ақ, «Автоураган»,- деп аталатын жаңа қуатты көліктерді полицейлер тізгіндейтін болады. Бұл қызметтік көліктер  қоғамдық тәртіпті сақтауға, түрлі қылмыспен бұрынғыдан да жедел  күресуге мүмкіндік береді.   

Мергенбай Жаппаров, Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы:

Жаңа автокөліктер барлық қажетті құрал-жабықтармен жабдықталған. Әсіресе, «Автоураган»,- деп аталатын мына көлік біздің облыста алғаш рет пайдаланылмақ. Көліктің бір ерекшелігі, жолда жүріп бара жатып автоматты түрде құжаты жоқ не болмаса айыппұл салынған, жолда жүруге рұқсаты  жоқ машиналарды алыстан бірден анықтай алады. Тіпті, ұрланған көліктің қай жерде жасырылғанын да анықтай алатын мүмкіндігі бар.  

Хабарламаларға жазылу