Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтпек. Оған ұйымға мүше 130-дан астам мемлекеттің өкілі қатысады.
Бұдан өзге Араб, Латын мемлекеттері мен өзге де халықаралық ұйымдардан бақылаушылар шақырылған. Жаһандық форматтағы мұндай жиын алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстан Президенті Мәдениеттер жақындастығының 10 жылдығын өткізуді ұсынған болатын. Алдағы басқосуға Елбасының осы бастамасы ұйытқы болып отыр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:
Елбасымыздың халықаралық деңгейде өзінің ерекше орнын, Қазақстанның жаңа келбетпен, жаңа ұсыныспен айқындылығымызды біріктіріп жатқанда осындай халықаралық деңгейдегі бірінші ЮНЕСКО тарапындағы басқосудың өтіп жатқаны, әрине, бізге үлкен құрмет, екінші жағынан өзімізге де үлкен сын.
Шынар АСАНҚЫЗЫ