Шекарашылар 100 тонна түсті металл тәркіледі. Еліміздің 5 азаматы ірі көлемде мысты заңсыз жолмен Ресейге алып өтпек болған жерден қолға түсті.
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» көлік өткізу бекетінің бақылаушылары жүк көліктерін тексерген. Нәтижесінде бағалы темірді артып жүруге лицензия да болмаған.
Жүктің құны шамамен 120 миллион теңге. Алдын-ала тергеуден кейін түсті металдар Ақтөбе облысы қаржы полициясының департаментіне берілді.
Сәкен СЕЙТХАНҰЛЫ