Халықаралық байланыс қызметі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық байланыс қызметі талқыланды

15.07.2014
Халықаралық байланыс қызметі талқыланды

Келер жылдан бастап Кеден одағы елдері арасында роумингтік қызметтің құны жойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың Байланыс әкімшілігі кеңесінің 49-шы бірлескен отырысында айтылды.

ХХІ ғасыр байланыс қызметінің қарқынды дамыған уақыты. Бұл сала ел ішінде жақсы дамығанымен, өзге елдермен арадағы байланысты жандандыру үшін бірқатар кедергі бар.

Бүгінгі отырыстың мақсаты осы мәселелерді  реттеуге бағытталған. Сонымен қоса, елдер арасындағы ақпараттық байланыс қызметінің сапасын арттыру үшін қажетті іс-шаралардың жоспары да анықталуда.  Болашақта жаңа технологияларды енгізу  үшін ортақ ережені мақұлдау жағы да сөз болды.

Асқар Жұмағалиев,  ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы:

Бұл шараның, бұл кеңестің өзіндік маңыздылығы бар. Өйткені, дәл осындай жиын арқылы болашақта халықаралық байланыс қызметін пайдалану жағы жан-жақты талқыланады.

Оның үстіне дәл бүгінгі шара қазан айында Оңтүстік Кореяда өтетін халықаралық электронды байланыс кеңесінің отырысына дайындық десек те болады.

Ол жерде халықаралық электронды байланыс қызметіне жаңа технологияларды енгізу және оған кім жетекшілік етеді, бас хатшысы кім болады, соның барлығы анықталады. Бүгінгі жиын соның алғашқы жұмысы.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу