Полиция қызметкері өзіне қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

15.07.2014
Полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

Ақмола облысында полиция қызметкері көлігімен екі адамды қағып кетіп, кейін өзіне-өзі қол салды. Қайғылы оқиға Бурабай ауданында болған. Түнгі сағат 00.30 шамасында жаяу жүргіншіге арналған жолда  жүйткіген көлік екі адамды соғып кеткені туралы аудандық ішкі істер бөліміне хабарлама келіп түседі.

Оқиға орнына жеткен жедел топ екі адамның көліктің қатты соққысынан  сол жерде қаза болғанын анықтады. Олар 1983 және 1990  жылы туған Бурабай кентінің  тұрғындары.

Жүргізуші көлігімен бірге оқиға орнынан жасырынған. Полиция  қызметкерлері  сынған көлік маркасы мен оң жақ айнасын есепке ала отырып, бұл «Инфинити» көлігі екенін анықтады.

Ризахмет Жанбеков, Ақмола облысы ІІД басшысының орынбасары:

Келесі күні көлік пен оның жүргізушісі  Еңбекшілдер ауылынан 50 шақырым жерден табылды. Жүргізуші 1989 жылы туған  Саят Үсенов есімді азамат екені анықталды. Ол жол-патрульдік полиция қызметкері болып еңбек еткен. Алайда, екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу