Тапаншадан тайсалмаған полицей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тапаншадан тайсалмаған полицей

15.07.2014
Тапаншадан тайсалмаған полицей

Павлодарлық полицей нағыз тәртіп сақшысына лайық мінез көрсетті. Кешұұрым көшеде тапанша ұстап, ерегіскен бір топ бұзақыны жападан-жалғыз келе жатып тоқтатты.

Қаланың Максим Горький және Әлкей Марғұлан көшелерінің қиылысында қолына сувенирлік қылыш ұстаған егде адамды аяқ-қолы балғадай үш жігіт  жабыла сабаған.

Тіпті жігіттердің бірі тапанша кезей бастаған. Сол уақытта таяқ жеген адам  қашуға тырысады. Бірақ, жастар көлікке отырып, жаяудың соңынан қумақшы болған. Тап осы сәтте сол маңайда келе жатқан полиция майоры көліктің алдына кесе-көлденең тұра қалып, тоқтатуға бекінген.  

Ғалым Сарғұлов, қалалық Ішкі істер бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қарумен ата бастады. «Тоқтаңдар! Полиция!», деп көліктің алдына тұрып алдым. Радиостанциямен көмек шақырдым.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу