«Gulnar tour» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 миллион теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Gulnar tour» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 миллион теңгеден асты

14.07.2014
«Gulnar tour» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 миллион  теңгеден асты

«Gulnar tour» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 миллион  теңгеден асты. Бұл туралы Бостандық аудандық прокуратурасының прокуроры  Бауыржан Жұмақанов мәлімдеді.

Тергеуге дейінгі тексеру нәтижесінде туристік фирманың келтірген залалы алдында хабарланған 6 миллион теңгеден көп болып шықты.

Ендігі кезекте  туристік фирманың басшылығына тағылған айып  ірі көлемде емес, аса ірі көлемде деп өзгертілуі мүмкін.

Егер олардың айыбы анықталса, фирма басшысы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін құқық қорғау органдарынан көмек сұрап жүгінген адамдардың саны 28 болса, қазір 35-ке жетті.

Бауыржан Жұмақанов, Бостандық ауданының прокуроры:

Жәбірленген тұлғалардың саны 28-ден  34-ке жетті. Осы жағдайларды ескере отырып,  тергеу барысында қозғалған қылмыстық істің бабы 3-бөлімнен 4-бөлімге ауыстырылатын шаралар қолданылады. Себебі, келтірілген зиянның көлемі аса көп мөлшердегі деректі анықтап отыр.   

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ      

Хабарламаларға жазылу