Қызылордада жалған куәлікпен жұмыс істеген екі шенеунік жұмыстан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жалған куәлікпен жұмыс істеген екі шенеунік жұмыстан босатылды

14.07.2014
Қызылордада жалған куәлікпен жұмыс істеген екі шенеунік жұмыстан босатылды

Қызылордада жалған куәлікпен жұмыс істеген екі шенеунік орындарынан айырылды.

 Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Әділхан Әбілов пен кент әкімі аппаратының есеп және шаруашылық бөлімінің жетекші маманы Түлен Құлмаханов осыдан 8 ай бұрын тестілеу кезінде қажетті ұпай жинай алмаған.

Сонан соң сертификаттың орнына жалған көшірме жасатқан.  Конкурстық комиссия біреудің куәлігінен көшірме әкелгенін аңғармаған.

 Тіпті сынақтан өтті, деген құжаттың тұпнұсқасын талап етпестен  шенеуніктерді байқаудың келесі кезеңіне жіберген.

Заңды белден басып, мемлекеттік қызметке орналасқан екі азамат жұмыстан босатылды.

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу