Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты (толығырақ)

11.07.2014
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты (толығырақ)

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында «Қарағанды-Балқаш» тасжолы бойында болған.

Жол үстінде «Lada Priora», «ВАЗ-210.10» және «Hyundai» автокөліктері соқтығысқан.

Сол жерде  4 ер кісі мен екі әйел тіл тартпай кетті. Марқұмдар - Астана қаласы мен Қарағанды облысының тұрғындары.

Тергеу болжамы бойынша үш көліктің бірі қатты жылдамдықпен қарсы жолаққа өтіп кеткен.

Қазір Қылмыстық Кодекстің 296-бабы бойынша аса ірі жол апаты ретінде есепке алынып, кінәліні анықтау үшін іс қозғалды.

Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Үш автокөліктің соқтығысуы Сарышаған елді мекенінен 13 шақырым жерде болды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының салдары анықталуда.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу