Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан 6 адам қайтыс болды. Lada Priora, ВАЗ-2110 және Hyundai маркалы үш автокөлік соқтығысқан.
Ірі жол апатын көргендердің айтуынша, оқиға Қарағанды-Балқаш трассасында таңғы сағат бесте болған. Қазір апат болған жерде жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.
Тергеушілер автокөліктердің қайсысы қарсы бағытқа шыққанын анықтауда. Кінәлі анықталса, Қылмыстық Кодекстің 296-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Досымжан ЕРМҰРАТ