Шалқар көліне шомылуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалқар көліне шомылуға тыйым салынды

10.07.2014
Шалқар көліне шомылуға тыйым салынды

Эпидемиолог-мамандар Батыс Қазақстандағы ірі көлдердің бірі - Шалқарға шомылуға тыйым салды.

Бұған себеп - соңғы аптада көлдің суы лайланып, жағымсыз иістің шығуы. Су бетінде көкшіл-жасыл көбіктер пайда болып, ұсақ балықтардың өлу оқиғасы тіркелді.

Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр екен. Осыған байланысты жасақталған арнайы топ айдыннан сынамалар алды.

 Сарапшылар қалыптасқан жағдайды көлдегі микробиологиялық процестерге байланысты, деп түсіндіреді.

Алтын Орынғалиева, Санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:

Лактозаның көп екендігі, құрттардың бар екендігі анықталып отыр. Сонымен қатар, суда оттегінің, хлоридтердің  нормадан төмен екендігі,  азот, аммиактың жоғары көрсеткіште екені анықталып отыр. Халық суға түспеу керек. Ол әртүрлі аурулардың тарауына жол беруі мүмкін.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу