Ақмола облысы Бурабай демалыс лагерлерінің бірінде қайғылы оқиға. Осындағы «Континент» деп аталатын лагерьге жазғы демалысын өткізуге келген 9 жасар Аружан Әбілдина қайтыс болды.
Сауықтыру орталығының дәрігерлері қызуы көтерілген Аружанның сырқатын алғашқыда ангина деп қабылдаған. Қызуы басылмаған қызды тек төртінші күні облыстық балалар ауруханасына жеткізеді.
Мұндағы дәрігерлер қолдан келгенше көмектесуге әрекеттенгенмен, Аружанның өмірін сақтай алмады.
Аружанның анасы лагерь қызметкерлерін немқұрайлылық танытқан, деп кінәлап отыр.
Перизат Әбілдина, анасы:
Түнде қарамаған. Денесі бәрі ауырып, тамақ ішпеген. Дәрігерлердің өзі бала 1-2 күнде мұндай жағдайға жетпейді, дейді.
Лариса Блажко, Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігері:
Бізге жеткізгенде баланың халі өте ауыр болды. Кеше түнде жасанды тыныс алу аппаратын қостық. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланды. Ішегіне инфекция түскен.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ