Ақмола облысында жыл басынан бері 23 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жыл басынан бері 23 адам суға кетті

10.07.2014
Ақмола облысында жыл басынан бері 23 адам суға кетті

Ақмола облысы бойынша  үлкенді-кішілі 754 көл бар. Жаз маусымы басталысымен осы  көлдерге шомылатындар саны артады. 

Алайда, сақтық шараларын ұмытқандар өкінішке қарай, оқыс жағдайларға ұшырап жатады.

Жыл басынан  бері облыс бойынша  23 адам суға кетті. Оның төртеуі - бала.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 35 пайызға артық.

Судан құтқару қызметі мамандарының айтуынша, көбіне  мас күйінде  суға түскендер осындай оқиғаға тап болады.

Сондай-ақ,  мұндай қайғылы оқиғалар мереке және демалыс күндері жиі тіркеледі.

Мысалы, өткен үш күндік демалыста Ақмола облысы бойынша 8 адам суға кетті.

Дәулет Шамиганов, Ақмола облысы судан құтқару қызметінің басшысы:

Судан құтқару қызметкерлері оларды судың астынан алып шықты. Бесеуі бірінші күні, қалғандары 3-4 күннің ішінде шығарылды.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу