Қызылжарда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда үшем дүниеге келді

09.07.2014
Қызылжарда үшем дүниеге келді

Солтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді. Шақалақтар 4-ші шілде күні туған. Нәрестелердің үшеуі де қыз бала Нәрестелердің анасы - Салтанат Уәлиева есімді келіншек. Бұл оның 2-ші рет құрсақ көтеруі.

Ол облыстық статистика департаментінде еңбек етеді, ал отағасы Жомарт банкте жұмыс істейді. Шақалақтарға Арай, Айша, Алуа есімі берілді. Тұңғыштары Мәди қазір 4 жаста. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың да, ананың да денсаулығы жаман емес. Жалпы соңғы рет Солтүстік Қазақстан облысында үшем 2009 жылы туған. 

Жомарт Уәлиев, үшемнің әкесі: 

Әлі сезініп тұрған жоқпын, 4 бірдей баланың әкесі болғанымды. Әр келген сайын, әр көрген сайын маған ыстық. Келесі күнді күтіп сағынып жүремін. Келіншегіме үлкен рахмет осындай бақытты әке қылғанына.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу