Бақтияр Артаев өзіне қатысты даулы оқиға жөнінде түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтияр Артаев өзіне қатысты даулы оқиға жөнінде түсінік берді

08.07.2014
Бақтияр Артаев өзіне қатысты даулы оқиға жөнінде түсінік берді

Боксшы Бақтияр Артаев Айсұлу Ыбрашоваға қол жұмсамаған. Ол өзіне қатысты даулы оқиға жөнінде түсінік беріп, осыны жеткізді.

Оның айтуынша, бойжеткен әлдекімнің тапсырмасы бойынша әрекет етуі мүмкін.

Ал, «Fashion» клубының күзетшілері қыздың сөзін жоққа шығарды.

Олар Артаевтың клубқа келген қызды ұрғанын көрмеген.

Естеріңізге саламыз, 29-маусым күні Астана қалалық Ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашова атты қала тұрғыны шағым түсірген.

Оның сөзінше, маусым айының 28-нен 29-на қараған түні Астана қаласындағы  түнгі клубтардың бірінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев оның бетінен ұрған.

Қазір аталмыш оқиғаға байланысты тексеру амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу