Ширек ғасырда, Қазақстанды әлемнің қарқынды дамушы мемлекеттерінің қатарына қосу, Сарыарқаның қақ төрінен алып шаһар соғу оңай шаруа емес. Бұл – ерен еңбекті қажет етеді. Еңбек ерлері Елбасы мен елорда туралы осылай дейді.
Геннадий Зенченко, Қазақстанның Еңбек ері:
Елбасы мен Елорда - егіз ұғым. Себебі, Астана -Тұңғыш Президентіміздің төл туындысы. Біздің Президентімізге ұзақ ғұмыр тілеймін, Астанамыз, еліміз гүлдене берсін.
Абзал Ерәлиев, Қазақстанның Еңбек ері:
Қазір біз қазақстандықпыз, елордамыз Астана деп еңсемізді тік ұстап, мақтана айтып жүреміз. Бұл біздерді алға жетелейді. Елдік мұрат жолында еңбек етуге жетелейді.
Кәмшат Дөненбаева, Социалистік Еңбек ері:
Астанамыз көркейіп, өсіп келеді. Ерекше қазақтың иісі шығатын жерлері бар. Өте көп ғимараттар салынып жатыр. Мәдениет ошақтары көбейіп жатыр. Біз бұған қуаныштымыз. Еліміз аман болсын.
Нұрбек БЕКБАУ