Балық өсірумен айналысатын кәсіпорын иелігіндегі жерінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық өсірумен айналысатын кәсіпорын иелігіндегі жерінен айырылды

04.07.2014
Балық өсірумен айналысатын кәсіпорын иелігіндегі жерінен айырылды

Қарағандыда балық өсірумен айналысатын кәсіпорын иелігіндегі жерінен айырылды. Бүгін бұл мәселе Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста көтерілді. 

Кәсіпорын басшысының айтуынша, серіктестік осыдан бес жыл бұрын өз қаржысын салып, тұралап тұрған мекеменің жұмысына жан бітіреді. Кәсіпорынның қарызын да түгелдей өтейді.

Алайда, арада бес жыл өткенде сот бұл кәсіпорын «Виста» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі емес деген шешім шығарады. Отырыста кәсіпкерлердің аяғына тұсау салып отырған өзге де мәселелердің беті ашылды. Аталған заңсыздықтарды жою үшін жауапты органдарға ұсыныс жолданды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елбасымыздың бастамасымен шағын және орта бизнеске, жалпы жекеменшік кәсіпкерлікке мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тырысып жүр. Өкінішке қарай, кей жерде парақор шенеуніктер де кездесіп жүр. Олар бизнеске түрлі кедергілер салып отыр.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу