Партия билеттері табыс етілді (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партия билеттері табыс етілді (толығырақ)

03.07.2014
Партия билеттері табыс етілді (толығырақ)

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Он бір адамға жаңа үлгідегі партия билеттерін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыс етті.

«Нұр Отанға» мүшелікке өткендердің арасында белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы, «Қазақстан Барысы» турнирінің былтырғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар.

Олардан бөлек, көрерменге риясыз күлкі сыйлап жүрген өнер азаматтары да, халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған журналистер де, экономиканы еселеуге ат салысып жүрген бизнесмендер де бар.

Айта кетейік, қазір бас партияға 875 мыңдай азамат мүше. Олардың 4 мыңы мүмкіндігі шектеулі жандар. Осы санаттағы тағы бір азаматша партияға мүшелікке өтті. Ел арасында беделді әрі белгілі тұлғалардың партия қатарына өтуі кездейсоқ емес, бұл - олардың азаматтық ұстанымы.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Салтанатты рәсім бүгін партияның 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті бүгінгі рәсім біз үшін де өте ерекше, деп айтуға болады. Тарихи маңызы зор. «Нұр Отан» партиясы бүгін осындай билеуші, халықтың партиясы ретінде қалыптасып, осындай үлкен дәрежеге жетіп отыр. Біздің негізгі құндылығымыз - еліміздің тәуелсіздігі. 

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу