Партия билеттері тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партия билеттері тапсырылды

03.07.2014
Партия билеттері тапсырылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы қатарына дәстүрлі салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Он бір адамға жаңа үлгідегі партия билеттерін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыс етті.

«Нұр Отанға» мүшелікке өткендердің қатарында белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы, «Қазақстан барысы» турнирінің былтырғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар.

Қазір бас партияға 875 мыңдай азамат мүше. Олардың 4 мыңы мүмкіндігі шектеулі жандар. Бүгін тағы мүмкіндігі шектеулі азаматша партияға мүшелікке өтті. Беделді тұлғалардың партия қатарына өтуі кездейсоқ емес, бұл - олардың азаматтық ұстанымы.

                           

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ        

Хабарламаларға жазылу