Қазақ гуманитарлық заң университеті жас түлектер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Биыл бұл жоғары оқу орнынан 1 мыңнан астам қыз-жігіт 10 мамандық бойынша диплом алып шыққан.
Университетте ұйымдастырылған шараға Астана қаласындағы 20-дан астам кәсіпорын қатысып, жас мамандарға түрлі салада бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелер мен бірнеше шетелдік компания да қатысты.
Нұрсұлтан Мұратов, ұйымдастыру тобының мүшесі:
Бұл шара бірінші рет өткізілуде. Егер сәтті өтсе, жақын арада және келесі жылы қайта ұйымдастыруды ойластырып отырмыз.
Гүлнұр Абдрасимова, жас маман:
Бірнеше ұсыныс бар. Мысалы, балабақшаларға психолог қажет. Мен тағы телефон арқылы хабарласып, әңгімелесуге барамын. Енді жұмыс табылса, риза болар едім.
Берік КӨШЕРБАЕВ