Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды

02.07.2014
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов парамен ұсталды. Мұндай ақпаратты Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратты. 

Мұрат Оспановқа табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік тағылып отыр.

Оның үстінен аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұрат Оспанов агенттік төрағасы болып 2012 жылдың басында  тағайындалған еді. Оған дейін түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу